• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Наурыз, 2018

 Петропавлда кекушинкай каратэден ел  чемпионаты өтті

197 рет
көрсетілді

 Александр Винокуров атындағы спорт сарайында 10-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18-ден асқан каратэшілер арасында Қазақстанның ХХІ біріншілігі өтті.

 

Жарыс алдында жанкүйерлер әлем және Еуропа чемпиондарының, халықаралық және республикалық турнирлерге қатысқан тәжірбиелі спортшылардың  шеберліктерін тамашалады.

«Чемпионатқа еліміздің түпкір-түпкірінен 500-ге жуық спортшы  жас ерекшеліктері бойынша үш топқа бөлініп, тартысқа толы сәттер көп болды. Турнирдің басты жүлдесіне М.Қозыбаев атындағы СҚМУ университеті грант тікті», дейді  бүкіл қазақстандық кекушинкай каратэ федерациясынының  облыстық филиалының директоры Владимир Витченко. Оның айтуынша,  кекушинкай каратэмен айналысатын  жасөспірімдердің саны жыл санап артып келеді.

 Былтырғы ел чемпионатында жалпыкомандалық есепте алаң иелері бірінші орынды иеленген болатын. Бұл жолы да жарыстың биік тұғырынан көріне білді.  Екінші орынға астаналықтар, үшінші орынға талдықорғандықтар көтерілді.

Өмір Есқали,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы